Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Мектебіміздің мақтанышы Ақбаян түлегіміз келіп, жылы лебізін қалдырып кетті:
Мен, Серикказина Ақбаян Нурланқызы, Семей қаласындағы Облыстық балет мектебінің 2018 жылғы тілегімін. Мені өнер - білімге баулыған, би өнеріне деген құлшынысымды арттырып, көзімді ашқан балет мектебінің барша ұстаздарына айтар алғысым шексіз! Оқу бітіріп, осынау алтын ұямыздан ұшып, табалдырығын аттағаныма міне 6 жыл да болып қалыпты. Алған білімімнің, аяулы ұстаздарымның арқасында Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінен ансамбль әртісі мамандығы бойынша үздік қызыл диплом қолыма алдым. Әрі қарай Қазақ ұлттық хореография академиясына оқуға түсіп, жаңа екі дипломдық оқу бағдарламасы бойынша қазір Қазан қаласында мемлекеттік мәдениет институтында жоғары білім алудамын. Балет мектебі мен үшін өнердегі, жалпыөмірлік жолымды ашқан, бағыт-бағдар берген киелі мекен, құтты орын! Мектебіміздің барша оқушылары мен жас түлектеріне тілерім - ақ жол, сәттілік әрқашан серік болсын! Облыстық балет мектебі тек көркейіп, жандана берсін, дарынды жас өнерпаз оқушылары көбейе берсін!🥳🥳🥳

Ракмет, Ақбаян, ақ жол сізге! Сәттілік! Жетістіктеріңіз көп болсын🩰🩰🩰

 

Атауы Жүктеу
1 Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тізімі