Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

2022 жылы 1 қазанда Жастар Сарайында ұлағатты ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушы Абай ауданының білім басқармасы, жастар шығармашылық сарайы, балет мектебі, музыкалық мектеп және т.б. білім ордалары, білім басқармалары. Біздің балет мектебінен өнер көрсеткен 6 және 7 сынып оқушылары. Анна Сергеевнаның басқаруымен жас таланттарымыз, өнерлі бишілеріміз мерекелік шараның есігін «Абай әні» биімен ашты. Және классикалық вальс биімен де барша көрермендерді, ұстаздарымызды қуанышқа бөледі. Мерекелік шарада өз білімімен қаншама шәкірттерді тәрбиелеген Анна Сергеевна және Балет мектебіне еңбектері сіңген, адал қызмет атқарып келе жатқан меңгерушілеріміз Айтжамал Алимхановна мен Анар Амангельдыевна ҚҰРМЕТ ГРАМОТА-ларымен марапатталды.

Барша ұжымды мерекемен құттықтаймыз, құттықтай отырып әрбір жанұяға бақыт, мол табыс, еңбектерінің жемісін көруге тілектеспіз.