Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

2022 жылдың 25 желтоқсанда Абай облысы Семей қаласында Мәдениет үйінде «Жас дарын» -«Dance Live» атты халықаралық конкурс-фестиваль өтті. Сайыстың мақсаты: Өз талантын көрсетуде балалар мен жастардың шығармашылығын іске асыру үшін жағдайлар жасау.

Бұл конкурсқа Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының білікті де, білімді мұғалімі, ҚР-ның мәдениет қайраткері Рыстығайша Сағымбайқызының жетекшілігімен 5,6 сынып оқушылары қатысты. Олар өздерінің өнерлерін, алған білімдерін, қабілеттерін сахнада паш етті. Олардың шеберліктері мен нәтижелері осы сайыста сынға түсіп, тәжірибелі әділқазылардың (Алматы қаласынан, Ташкент қаласынан, Астанадан келген ) бағалауымен VIP-гран приді қазақ вальсі «Қуаныш» алса, тағы үш Гран приді «Беу қыздар-ай» биі, Диляра Әділқызы, қыздар вариациясы ұтып алды. Өйткені аса шеберлікпен орындаған балаларымыз сахнада биді қорықпай, өз қыймылымен таза орындап шықты.

Осындай үлкен жетістіктерімен құттықтап, болашақта да биік белестерден көрінуге тілектеспіз. Осындай нәтиже көрсетіп, тер төккен ұстазымыз Рыстығайша Сағымбайқызына да шығармашылық табыс, зор денсаулық, еңбегіне жеміс тілейміз.