Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

2023 жылдың 20 наурызында “THE PLANET OF ART 2023” атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ – ге іріктеу Назарбаев интелектуалдық мектебінде өтті. Байқау ұйымдастырушылары: Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы. Қолдаушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу - Ағарту Министрлігі, Облыс әкімдіктері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясы, Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және Азия - Тынық мұхиты аймағындағы ЮНЕСКО Ассоциациялары мен Клубтарының Федерациясы, Қазақстан Республикасы Оқу - Ағарту Министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы» РМҚК, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО Клубтары және қатысушы - мемлекеттер мен басқа да серіктестер.

Фестивальге қатысу өтінімдері келесі 3 негізгі бағыт бойынша қабылданады:

• Вокал;

• Аспаптық жанр;

• Хореография.

Яғни, би бағыты бойынша Облыстық балет мектебінен 6 номермен 7 оқушы қатысты (1.Калиева Аделя , 14 жас, танец «Возвращение птицы»

2. Токтарханова Дина-13 жас, Черникова Елизавета-14 жас, танец «Тень»-дуэт
3. Рахимжанова Айман-14 жас, танец «Девичья пляска»
4. Зейнолла Айзере – 13 жас, танец «Қазақ қызы»
5. Танирберген Адина – 13 жас, танец «Эсмеральдо»
6. Маваева Ясмин - 12 жас, танец «Лебединое озеро»).

Жетекшілері: Качанова Анна Сергеевна мен Кучербаева Алия Кабдахметовна. Қолдау көрсетіп, ат салысқан ата-аналар мен директордың м.а. Муслиманова Анар Амангельдыевна. Барлығы да арнайы қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Қатысушыларымыз өнерлерін өте тамаша көрсетті, сұрақтарға жақсы жауап берді.
КЕЗЕҢДЕРІ: 2023 жылдың 1 ақпан – 15 наурыз аралығы — қатысушыларды Фестивальдің іріктеу кезеңіне тіркеу; 2023 жылдың 17 наурыз – 9 мамыр аралығы — Қазақстанның 17 облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық іріктеу кезеңдерін және халықаралық онлайн-іріктеуді өткізу; 2023 жылдың 25 мамыры — Фестиваль финалисттерінің тізімін жариялау; 2023 жылдың 1 маусым – 20 тамыз аралығы — Фестивалді өткізуге қатысушыбалалармен дайындық кезеңі; 2023 жылдың 21 тамызы – 3 қыркүйек аралығы — Павлодар қ. және Астана қалаларында Фестиваль финалын өткізу; 2023 жылдың 30 тамызы, 2 қыркүйек — “The Planet of ART 2023” Фестивалінің Галаконцерттерін өткізу.
Барша қатысушыларымызға сәттілік.