18.02.2023 жылы Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында атақты балетмейстер, қоюшы - режиссер Булат Аюхановты еске алуға арналған мектепішілік
«Сиқырлы би әлемі» атты конкурстық іс - шара өтті. Бұл шарада Қазақстанның халық әртісі Булат Аюхановтың кітаптары да насихатталып, өмірбаяны дәріптеліп, видео-ролик көрсетілді, кітаптар көрмесі қойылды.
Конкурс тәртібі бойынша қатысушылар жас ерекшеліктеріне сәйкес 3 топқа бөлініп өнер көрсетті.
Кіші топ 5-8 жас, ортаңғы топ 9-11 жас, жоғарғы топ 12-15 жасаралығында.
Бұл конкустың ерекшелігі би таңдау шәкірттің өз еркіне берілді. Хореографтар биді қоюға ғана көмектесті. Оқушылар әртүрлі жанрдағы: классикалық балеттен вариациялардан бастап, ұлттық би, заманауи би т.б. үлгідегі номерларды көрсетті. Шәкірттеріміздің мықты дайындықпен, жауапкершілікпен келгені би номері және таңдалған костюмдерінен анық байқалды.
Әділ қазылар мүшелері Иманбекова Р.С., Сагиева Ж.Е., Качанова А.С., Сарсенбинова А.А., Муслиманова А.А. толықтай барлық жағынан өз бағаларын берді.
Байқаудың үйлестірушісі Исмаилова К.Р. қолдауымен байқау қатысушыларына сыйлықтар мен дипломдар табысталды.