Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

«Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт» атты қосымша білім беру мекемелерінің директорлары мен педагогтеріне арналған облыстық байқау 2025 жылы 24 қаңтарында өтті.
Байқауды Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Нускенова Асем Хасеновна жігерлі, әдемі сөздерімен ашты.
Байқаудың мақсаты педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, басшылар мен педагогтардың инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Облыстық байқау екі бағытта ұйымдастырылды.
Облыстық байқауға қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты. Байқаудың қорытындысы әділқазы алқаларының ортақ шешімімен анықталды. Екі бағыт бойынша «Бас жүлде» иегерлеріне оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының” Абай облысының кәсіподақ ұйымы” қоғамдық бірлестігі жаз айларына Алакөл демалыс аймағына жолдама сыйлады. Жүлделі орын алған қатысушылар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осы байқауға Облыстық балет мектебінің директоры Муслиманова Анар Амангельдыевна да қатысып, өзінің «Қосымша білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, ҚАТЫСУШЫ СЕРТИФИКАТЫМЕН марапатталды.
Барлық ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.