2022 жылдың 1-7 қараша аралығында Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 7 сынып оқушылары, би-мұғалімі Качанова Анна Сергеевна мен концертмейстер Меньшикова Елена Эдуардовнаның жетекшілігімен Өзбекстанның Ташкент / Самарқанд қаласына "Шехеразада калейдоскопы" атты халықаралық көп жанрлы фестиваль-байқауына қатысты. Бұл байқаудың ұйымдастырушылары: "Alliance of talents" Халықаралық балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық дамыту ұйымдастыру комитеті Болгария, "World music in Kazakhstan" халықаралық ұйымдастыру комитеті, "Еуротур", "Yasmina-tour" туроператоры, орыс Православие Шіркеуінің Мәскеу Патриархаты Орта Азия Митрополиттік округінің Ташкент және Өзбекстан епархиясы.
Балет мектебіміздің жұлдыздары классикалық үлгіде 1-ші Классикалық вальс биін билесе, 2-ші Гүлдер Вальсін биледі. Ал халықтық үлгіде қазақ биі «Көне тастар» мен «Греческие фрески» биін паш етті.
Ұжымдардың конкурстық өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалап, І-ші дәрежелі жүлдені классикалық үлгідегі би өнері алса, ІІ-ші дәрежелі жүлдені халықтық би үлгісі иеленді.
Біздің жұлдыздарымызға, болашақ түлектерімізге осындай жоғары дәрежелерімен құттықтап, болашақта тек сәттіліктер тілейміз. Біз сендерге сенеміз және осындай шебер оқушыларымызбен мақтанамыз.