Бұл игі іс-шараға қаламыздағы барлық қосымша білім беру ұйымдары белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
*Облыстық балет мектебінің* дарынды оқушылары да сахна төріне шығып, әсем биімен көпшіліктің қошеметіне ие болды. Оқушылардың өнерін дайындап, би сахнасын көркемдеген жетекшілері *Анна Сергеевна мен Әлия Кабдахметовнаға* шексіз алғыс білдіреміз. Олардың кәсіби еңбегі мен жауапкершілігі шәкірттерінің өнерден өз орнын табуына зор ықпал етуде.
Сондай-ақ, осындай мерекелік күндерде бізбен бірге қуанып, балаларына үнемі қолдау көрсетіп жүрген *ата-аналарға* ерекше алғыс айтамыз! Сіздердің қолдауларыңыз – біздің ортақ жетістігіміздің негізі!
**Мереке құтты болсын!
Семейіміз көркейе берсін, өнер мен білім ордасы болып қала берсін!**
