*ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының* және *Абай облысы білім басқармасының «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығының* 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, *20–21 қыркүйек күндері* Семей қаласындағы *Шәкәрім университетінде* оқушылар арасында *республикалық пікірсайыс турнирі* өтті.
Аталған іс-шараның ашылу салтанатында *Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі» КМҚК-ның* 7-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, турнирдің сәнін кіргізіп, қатысушылар мен қонақтарға жоғары көңіл-күй сыйлады. Осы шараға дайындығымен әкелген, педагог-хореограф, сынып жетекшісі Кучербаева Алия Кабдахметовна.
Бұл - жас дарындарды қолдап, өнер мен білімнің ұштасуын көрсететін маңызды алаң болды.
