Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Облыстық балет мектебінің оқушылары сан түрлі қырларымен баршамызды таң қалдыруда, себебі әр ұлттың би өнерін флешмоб арқылы насихаттап, би арқылы көрсетіп, насихаттады. толық мәліметті осы ссылка арқылы көруге болады: https://www.instagram.com/p/Cs204wwLJIo/

9 маусым күні Невзоровтар жанұясы атты музейде «А дальше жизнь…» атты қатерлі ісіктерді дестигматизациялауды қолдауға арналған көрме өтті. Көрменің ашылуы, әр түрлі залдарда концерттік қойылымдармен және ресми қонақтардың салтанатты құттықтауларымен, сондай-ақ маңызды оқиға және көрме идеясының үйлесімді жалғасы болды. Бұл жоба туралы «Seniminmen» қорының құрылтайшысы Динара Құсайынова, Қор үйлестірушісі Мәжитов Ермек, Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығының директоры Белихина Татьяна өз ойларымен бөлісті. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның солисі Мапруза Утуленованың, Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің квартетінің, қалалық филармонияның қазақ халық аспаптар ансамблінің және Облыстық балет мектебінің сүйкімді оқушылары әдемі би қойылымдарымен көрменің атмосферасын толықтырып, оған нағыз өмір мерекесінің көңіл-күйін сыйлады.