07 наурыз 2023 жылы Облыстық Абай театрында "Әлемнің жарығын сыйладың сен маған" атты 8 наурыз әйелдер мерекесіне арналған облыстық концерт өтті. Бұл концерттің көркін кіргізуге ат салысқан, еңбектерін төккен Облыстық балет мектебінің 3,5,6,7 сынып оқушылары және ұстаздарымыз Иманбекова Рыстыгайша Сагимбаевна, Качанова Анна Сергеевна, Сагиева Жанара Есенгалиевна. Ішінде ерекше көзге түскен адажио Жизель балеті, оны орындаған Семей қаласының тумалары, Астана балет театрының балет әртістері Анар Бағланқызы, Досан Темірбекұлы
Жалпы бұл үлкен облыстық мерекелік концерттің қоюшы - режиссёрлері Алматы қаласынан келген, Данияр Батырбаев (Режиссёр) и Саян Мырза (Режиссёр - постановщик), яғни біздің балет мектебінде болып, мастер - сынып өткізіп, бізге өздерінің алғыстарын білдірді. Облыстық балет мектебі әрқашанда осындай биік дәрежеде болуына тілектеспіз.