2022 жылдың 25 желтоқсанда Абай облысы Семей қаласында «Тайқазан» атты салтанат залында Абай облысының балаларына арналған «Әкімнің шыршасы» атты мерекелік шара өтті.
Бұл шараның ашылу салтанаты Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі» КМҚК-ның 7 сынып оқушыларына бұйырды. Анна Сергеевнаның жетекшілігімен балет мектебінің 7 сынып оқушылары бар өнерлерін салып, шырша мерекесінің көркін ашты.
Бұл шара облыстың өнер қайраткерлерінің ұйымдастырған бағдарламаларының арқасында жоғары дәрежеде өтті. Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев балаларға жүрек жарды тілегін әдемі сөздермен жеткізіп, бағалы сыйлықтар мен тәттілер толы сөмкелер сыйлады.