Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

«Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-ге қарасты «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері балет әртісі, хореограф, Қазақ КСР Халық әртісі Болат Аюхановтың 85 жылдығына арналған «Қазақ балетінің жұлдызы» атты танымдық сағатын өткізді.

Шара қонағы Семей қаласындағы облыстық балет мектебінің ұстазы, балетмейстері Мүслиманова Анар Амангелдіқызы Б.Аюхановтың жан-жақты тұлға болғанын, Қазақстанның хореография өнерін үнемі қолдап отырғанын, балетмейстердің есімі және туындылары би өнеріндегі ерекше құбылыс ретінде танылғандығын атап өтті.

Қатысушылар өнер иесінің өз мамандығына деген адалдығын, көрерменнің сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болғанын, өнерпаздар мен бишілердің, шәкірттердің тұтас бір тобын тәрбиелеп шығарғанын білді.

Шараны балет мектебінің 5-сынып оқушысы Диляра Әділқызы «Эсмеральда» балетінен Эсмеральданың вариациясы биімен аяқтады.