05.03.2023 жылы Балет әртістері – Дукиева Анар Бағланқызы «Театр Астана Балет» театрының әртісі және Шәкіров Досан Темірбекұлы «Театр Астана Балет» театрының әртісі біздің мектебімізде қонақта болды. Олар біздің мектепке үлкен қызығушылықпен келіп, балалармен жұмыс атқарды. Оқушыларымызға мастер - класс өткізіп, әртүрлі би қозғалстарының қыр сырын танытып үйретті. Олардың жетістіктері мен біздің өсіп келе жатқан балалардың айырмашылығын ерекше айқындап, дәлелдеп берді. Бұл деген үлкен абырой, өйткені бұл балет өнеріндегі әртістермен сабақ алмасу болып есептеледі. Бұл мастер - сыныпта біздің ұстаздар - Рыстыгайша Сагимбаевна және Анна Сергеевна жұмыс жасады. Яғни 5, 6-, 7 сынып оқушылары қатысып, келген тәлімгерлерге алғыстарын білдірді. Қуаныштары шексіз екенін көрсетті. Осындай мастер - сыныптар біздің балет мектебінде жиі өтетініне сенімдіміз