2023 жылы 16 сәуірде Семей қаласында Мәдениет үйінде Халықаралық би өнерінің сайысы «DANCEMasters» өтті. Би сайысына бірнеше райондардан 100-ден аса би ұжымдары қатысты. Әрине бірнеше бөлімге бөлініп, кіші және ортаңғы және үлкен топ оқушылары қатысты. Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі» КМҚК-да құр отырмай өздерінің өнерлерін паш етті. Сынып жетекшілері Качанова Анна Сергеевна, Меньшикова Елена Эдуардовна, Иманбекова Рыстыгайша Сагимбаевна, Кучербаева Алия Кабдахметовна өз оқушыларын сайысқа қатыстырып, 2-і Гран При «Вальс снежинок» және «Греческие фрески» биі алса, І орынды Калиева Аделя және ІІ орынды татар биі «Шутка» алды. Өте жоғары дәрежеде көрсетіп, көрермендерді және әділқазыларды таң қалдырды.