Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

25.08.2022 жылы Абай театрында «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты педагогтердің облыстық тамыз конференциясы өтті.

Тамыз конференциясы мақсаты: жаңа 2022-2023 оқу жылына Абай облысының білім саласы бойынша міндеттерін айқындау, педагогикалық қауымдастықпен балаларға сапалы білім беру үшін қазіргі уақыттағы жаһандық мәселелерді талқылауда тұрақты даму құзыреттілігін қалыптастыру, үздіксіз білім беру туралы диолог құру. 530 адам off-line түрінде қаттысса,  on-lain түрінде 13 230 адам қатысты. Яғни, облыс әкімі, облыстық маслихат хатшысы, «Аманат» партиясының төрағасы, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы, ардагер ұстаздар, қала, аудан әкімшіліктері, білім бөлімінің басшылары, әдіскерлер, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, ата-аналар бірлестігі кеңесінің өкілдері, БАҚ өкілдері, меценаттар т.б. қатысушылар ат салысты. Ал біздің балет мектебінен оқу ісінің меңгерушісі А.А.Сарсенбинова мен тәрбие ісінің меңгерушісі А.А.Муслиманова қатысты. Әрине соның ішінен суырылып шығып өз өнерлерімен конференцияның көркін ашқан біздің балет мектебінің оқушылары өте ерекше болды. Би өнеріндегі балаларымызға алғысымыз шексіз. Және балапандарымызды жетелеп апарған би-мұғалімі Жанар Есенғалиқызына рахмет айтамыз. Тамыз конференциясы жоғары дәрежеде өтті деп есептейміз.