Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 3,4 сынып оқушылары, Сагиева Жанар Есенгалиевна мен Алябина Елена Николаевнаның жетекшілігімен 2022 жылдың 4-7 қараша аралығында "Бәйтерек оттары" атты халықаралық хореографиялық өнер фестиваль-конкурсына қатысты. Бұл конкурс "Қозғалыстағы өнер" ұзақ мерзімді халықаралық шығармашылық жобасы аясында өткізіледі. Оның ұйымдастырушылары "Қозғалыстағы өнер" халықаралық шығармашылық жобасы және "Рейнбоу-тур" фирмасы (Болгария). Ал қолдау көрсеткендер: Астана қаласының әкімдігі; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы; Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі; Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі; Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі. Би сайысында атақты сарапшылар баға берді: Раиса Шер, Алексей Бородавкин, Темиртай Избастин, Христо Янев, Валентин Стойчев.

Біздің балет мектебіміздің нәтижелері:

1."Көктем" қазақ халық биі-12 қыз билеп - 1 орын иеленіп, ҮЗДІК БАЛЕТМЕЙСТЕР ҚОЙЫЛЫМЫ деген атақ берілді.

2.Классикалық би - Вариация из Детского па-де-де -1 қыз - 2 орын

3."Классикалық этюд" балет хореографиясы-5 қыз - 1 орын

5.Қазақ биі "Аққу" - 12 қыз - 3 орын

6.Классикалық би "қуыршақ перісі" балетіндегі қуыршақ перілерінің вариациясы-1 адам - 1 орын

7.Классикалық Кошечки биі - 4 адам-1 орын

8.Қазақ биі "Қыз қуу" - 8 қыз - 2 орынды иеленді.

Болашақ бишілерімізге сәттілік тілеп, бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз! Тек алға!