Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жетісу облысының филармониясы" МКҚК
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі» КМҚК-ның 2023 жылғы жаздық алаңы есеп беру концертінен басталды. Яғни мектеп жылдың соңында өздерінің есеп беру концертімен аяқтайды. Ол концерт Абай театрында 24 мамырда өтті. Әрине бұл концерттің толық нұсқасы видеосы барлығы сақталған, фотолары жинақталған. Мектеп қорында және ютуб каналында: https://www.youtube.com/watch?v=HuZ4ZK25MNQ&t=1s .

Ал 29 мамыр күні барлық ұжыммен қосылып мектептің ашық есік салтанатын өткіздік. Бұл ашық есік салтанатында мектептерден оқушыларға шақыртулар жіберілді, арнайы афиша дайындалып барлық мектептерге таратылды. Соның арқасында мектептерді 29 мамыр күні сағат 10-00 де балет мектебінің үлкен залында жинадық. Бұл мерекелік шараға жетекшілік ретінде Сагиева Жанар Есенгалиевнаның оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетіп балаларға паш етті. Ал мен Муслиманова Анар Амангельдыевна, мектеп директорының міндетін атқарушы балаларға өзімнің алғысымды білдіріп, болашақта осындай дарынды балалар болса жақсы нәтижелер көрсетсе, алғыс хаттармен медальдармен марапатталатынын көрсетіп, балаларға құрмет көрсеттім. Және келген барлық қонақ балаларға арнайы концерттік номерлерімізді паш еттік. Осындай ұйымдартыру шараларына арнайы үлестірмелі парақшалар таратылды.