24 желтоқсан 2023 жылы «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 7 сынып оқушыларының қатысуымен облыс әкімінің шыршасы өтті. Біздің оқушылар әдемі билерімен, әдемі бейнелерімен сахнаның көркін кіргізді. Жетекшілік етіп барған Качанова Анна Сергеевнаға алғыс айтамыз. Халқымыздың өнерінің көркейуіне үлес қосып жүрген оқушыларымызға және қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарымызға рахмет айтамыз. Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін!
Ал 25 желтоқсан 2023 жылы Тайқазан мейрамханасында жетім , қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы, ерекше балаларға арналған Облыс Әкімінің шыршасы өтті. Осы мерекелік іс-шараға «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 7 сынып оқушылары өнерлерін көрсеттіп, әр балаға ерекше көңіл-күй сыйлады. Барлық келген балалар қуанышқа бөленді.
Осындай бақыт сыйлауға үлкен үлес қосқан ұстазымыз Анна Сергеевнаға ерекше рахмет айтамыз. Жаңа жыл барша халқымызға, бүгінгі әр баланың қуанышындай шаттық көңіл күй сыйласын! Келе жатқан мерекеміз құтты болсын.